Мұғалжар аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта  ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында  кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы  өткізілді.

Шара барысында аудандық сотының бас маманы А.Е.Аралбаева сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу туралы, бас мамандар – сот отырысының хатшылары А.А.Шунимов, Г.К.Суюнова сот істерін қарауға дейін рәсімдеу, адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету туралы және сот істерін олар қаралғаннан кейін рәсімдеу тақырыптарын баяндап, нұсқаулықтың ерекшеліктерін атап өтті.

Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова сотта іс қағаздарын жүргізу ережесінің талаптары қатаң сақталуы қажет екенін ескертті.

 Шара соңында  қатысушылар туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасып, жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстармен, мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі