«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және  сот қызметкерлері  қатысты.

Кеңсе менгерушісі А.Т.Иманбекова   мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі  халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, биыл  өткізілуі жоспарланған мемлекеттік қызметшілердің аттестациалануы   әрбір қызметкердің кәсіптік деңгейінің көрсеткіші болатыны туралы айтылды.

Семинар соңында соттың әрбір қызметкері мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің ережелерін, еңбек тәртібін қатаң сақтауды, қызметтік міндеттерін орындау кезінде  адал, әділ, қарапайым болуға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді  пайдалану  қажет екендігін үнемі басты назарда ұстауды тапсырды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі