«Медиация заңын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Медиация заңын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судья Жеткерген Е.А., аудандық прокуратурасының прокуроры, ҮЕҰ және аудандық кәсіби медиаторлары қатысты.

Іс-шара барысында, судья Жеткерген Е.А.: «Медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда  болуына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» заңы себепкер болды. Дамыған, өркениетті елдерде медиаторлар азаматтық істердің 32 пайызына дейін қарайды. Нәтижесінде, олардың 85 пайызына шешім шығарылады, іс екі жақтың бітісуімен аяқталады. Көрші Ресейде, Украинада дауларды соттан тыс қарау үрдісі қарқынды дамып келе жатқанын БАҚ беттерінен көріп отырмыз», - деп атап өтті.

Шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өз тарапынан пікірлерін айтып, шараның маңыздылығын атап өтті. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі