Іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында  талапкер мен жауапкер арасындағы заңды некелері тіркелгендігі, тараптардың заңды некеден кәмелет жасқа толмаған ортақ  баласының бар екендігі анықталды. Талапкер сотта жауапкер табысын отбасының пайдасына жұмсамайтынын, ішімдік  ішіп отбасының мазасын алатынын, үй шаруасына көмек көрсетпейтінін, сондықтан отбасын сақтап қалу мүмкін емес екендігін айтты. Сонымен қатар, араларында ортақ мүлікті бөлу туралы және балаларының  тұратын жерін анықтау туралы дау жоқ екенін көрсетіп, соттан некені бұзуды сұраған.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеп, келісімге келгендерін айтып, соттан оны бекітуді сұрады. Сот  тараптардың отбасын сақтап қалу шартымен жасалған  дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітіп, азаматтық істі қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі