Медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 188-бабының  1-бөлігі бойынша  (ұрлық) азаматтар Б. мен М-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, Әйтеке би ауданы Талдысай ауылының азаматтары Б. мен М. бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында «Щ» ЖШС-ның ауласына кіріп,  аула ішінен «Щ» ЖШС-ның құны  50 000 теңге тұратын электродвигателін ұрлап,  «Щ» ЖШС-не  50 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында сотталушылар Б. мен М.  және жәбірленуші өкілінен кәсіпқой медиатор С.Мамбетовтың қатысумен медиативтік келісім жасалғанын және қылмыстық әрекет салдарынан келтірілген зиянның өтелгенін, медиация тәртібімен татуласқандықтан істі қысқартуды сұраған өтініштері түсті.

Сот қаулысымен азаматтар Б. мен М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тараптардың  медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс өндірістен  қысқартылды.   

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі