Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А.А. 2017 жылғы 09 ақпанда сағат 17.00-дер шамасында «Renauit Duster» маркалы автокөлігін Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі бойындағы тас жолдың үстінде алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А.А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі