Қылмыстық іс бойынша брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Е.Кендирбаева жергілікті «Мұғалжар» газетінің тілшісі  Д.Ерболаттың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Н.Е.Кендирбаева  ҚР ҚК-нің 189-бабының 4 - бөлігінің 2 - тармағымен, 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен М –ға қатысты  және 189-бабының  4-бөлігінің  2-тармағымен  аз. Р-ға қатысты  қылмыстық іс туралы түсініктеме берді.

Сотта анықталғандай, аз. М. мен Р. адамдар тобының алдын ала сөз  байласуымен, өздеріне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену, талан-таражға салып жымқыру мақсатында, М. мен Р.  2011 -2016 жылдан бастап «Д» шаруа қожалығында ақыға мал бағатын болып жұмысқа тұрып, толық материалдық  жауаптылығы жөнінде шартқа отырып,сиыр, қой, жылқы және санаққа қосылмайтын жеке тұлғалардың малдарын, шаруа қожалықтың құрал жабдықтарын  қабылдап алып, оның 821 қой, 23 сиыр малдарын өздерінің пайдасына жаратып, қожалыққа өз автокөліктерімен келген белгісіз тұлғаларға сату, қарызға алған ақшаның орнына беру, өздерінің туған-туыстарына беру және малдарды шығынға ұшырату жолымен, түскен ақшаны өздерінің қажеттілігіне жұмсап, өздеріне сеніп тапсырған бөтен мүлікті талан-таражға салып жымқырып, нәтижесінде жәбірленуші Х.-ға – 26078000 теңгеге, Д – ға  405000 теңге, Ш-ға – 219000 теңге, М-ға  500000 теңге, Ә-ға  430000 теңге, Б-ға 120000 теңге, У- ға 200000 теңге, Ғ-ға – 1280000 теңге, Н –280000 теңге аса ірі мөлшерде  материалдық зиян келтірген.

Сонымен қатар, сотталушы М., яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену мақсатында алаяқтық жасап, 2016 жылдың қыркүйек айында «Н» шаруа қожалығының иесі Ш-дан «Банктен «Даму» бағдарламасы арқылы несие алу үшін мал санын көбейту қажет» деп алдап, сеніміне кіріп, банк комиссиясы санақ жүргізіп кеткеннен кейін қайтарып береміндеп құны 128 0000 тұратың 62 бас саулық қойын бас ешкісін сенімді теріс пайдалану жолымен алдап алып, бөтен мүлікке құқықты иемденуге ешқандай құқығы  болмаса да, бұрын өзіне мал бағуға қоскан аз. Т. малдарының орнына беріп жіберіп, қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші Ш-ға1280000 теңгеге ірі мөлшерде материалдық зиян келтірген.

Сот үкімімен, сотталушы М.-ны ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылсын, оған мүлкi тәркiленiп, материалдық жауаптылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып,  түпкілікті 8 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы А.-ны ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылсын, оған мүлкi тәркiленiп, материалдық жауаптылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі