Кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Дауды сотқа дейін жеткізбеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.О.Аманкулова, кәсіпқой емес медиаторлар және сот қызметкерлері  қатысты.

Өз сөзінде Н.О.Аманкулова, медиатор ешкімге төрелік айтпайды және шешім шығармайды, ол тек тараптардың бір шешімге келуіне көмектеседі, себебі бітімгершілік рәсімдердің басты мақсаты - тараптарды бір бітімге шақыру екендігін атап өтті. Сонымен қатар, қолданысқа жаңадан енгізілген АПК-нің талаптарына сәйкес, сот медиациясы институты ашылғандығы және нәтижелі жұмыс атқарып жатқандығы туралы жеткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: медиация институтының әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын-алу, шешу, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі реттеу механизмі ретінде дамыту, оны халық арасында даулар мен жанжалдарды шешудің соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз жүргізілетін келешегі зор және баламалы әдіс ретінде насихаттауға бағытталған.

Іс-шара соңында сот төрағасы медиатордың  жұмысына сәттілік тілеп, ұжым атынан алғысын білдірді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі