Көліктегі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттың ашықтығын, қолжетімділігін, жариялылықты қамтамасыз ету, сот жүйесінің имиджін жоғарылату мақсатында Байғанин аудандық сотында: «Көліктегі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген тақырыпта брифинг өтті. Оған Байғанин аудандық «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадір қатысты.

Брифингте Байғанин аудандық сотының судьясы Ә.М.Бисеналина осы тақырып бойынша дайындаған баяндамасын оқып, 2016 жылы көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар саласы бойынша барлығы 61 әкімшілік істер қаралғандығы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша – 1 іс; 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша – 43 іс, 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша – 14 іс, 611-бабы (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша – 2 іс, 613-бабы (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) бойынша – 1 іс қаралғандығы; осылар бойынша 14 адамға – айыппұл салу; 45 адамға көлік басқару құқығынан айыру; 1 іс бойынша құқық бұзушының қайтыс болуына байланысты істі өндірістен қысқарту туралы заңды шешімдері шығарылғандығы; ол істер бойынша қаулыларға шағымдар мен наразылықтардың болмағандығы заңды күштеріне енгендігі;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) – 9 қылмыстық істер қаралып, оның ішінде 9 сотталушыға да негізгі жаза ретінде 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру, қосымша жаза ретінде 6 айыппұл, 3 қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалар сот үкімімен тағайындалғаны туралы айтты.

Одан басқа, жол-көлік оқиғаларының ең көп таралған себептерінің қатарына: белгіленген жылдамдықты қауіпті жағдайда арттыру; көлік құралдары қозғалысының қауіпсіз аралығын сақтамау; шектеулі көру аймағында басып озу тәртібін бұзу; автокөлік құралын мас күйінде басқару; басып озудың тәртібін бұзу; жүру кезектілігін сақтамау; маневр жасау тәртібін сақтамау; қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету; аралықты сақтамау; жолдың жағдайы; автокөлік құралдарының техникалық жарақсыздықтары; автокөлікті жүргізіп отырып рульде ұйықтау; ұзақ жолдан шаршау; автокөлік жүргізуге тәжірибесінің жеткіліксіздігі және басқалары да жататындығы туралы атап өтті.  

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі