Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында аз. С.-ке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық  іс қаралды.

Аз.С. 02 наурыз 2017 жылы шамамен сағат 19-00-де Алға ауданы, Бестамақ ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, №50-үйдің жанында Алға аудандық сотының 18.11.2015 жылғы үкімімен 3 жылға көлік жүргізу құқынан айырылғанына қарамастан  арақ ішкен мас күйінде  көлік жүргізген. Сөйтіп аз.С. қылмыстық теріс қылық жасаған.

Сот отырысында аз.С. кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен оған 150 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы және 3 жылға көлік жүргізу құқынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот  үкімі  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі