Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылдың 13 маусымында 16.40 сағат шамасында азамат А. Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Қайран Суат көшесі бойында, яғни қоғамдық орында адамгершілік қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей арақ ішкен мас күйінде қисалаңдап жүрген кезінде полиция қызметкерімен ұсталды. Құқық бұзушы А. бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылғаны анықталған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. сотта кінәсін толық мойындап, көшеде арақ ішкен мас күйінде жүрген үшін полиция қызметкерлерімен ұсталғанын, бұған дейін осындай әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, іс-әрекетіне өкінетінін айтты.

Әйтеке би аудандық сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі