Кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімін бекіту арқылы үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кожексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша  сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. аса ірі мөлшердегі есірткіні, өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен қылмыс жасағаны үшін айыпталған.

Басты сот талқылауында көлік прокуроры мен сотталушы А-ның арасында кінәні мойындау түрінде процессуалдық келісім жасалып, тараптар процесстік келісіммен қылмыстық істі қарау жөнінде талап қойды.

Сот отырысында  сотталушы А. өзі қол қойған процессуалдық келісімді қолдап,  кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімі бойынша сотталушы А. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4- бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі