Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабының 2 бөлімімен шетел азаматы Р.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес аз.Р. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тура, Қазақстан Республикасына «Тажен» бекеті арқылы өтіп, 17.09.2016 жылы және 13.10.2016 жылы аралығында Ақтөбе облысы көші-қон полициясы арқылы Ақтөбе қаласында тіркеліп, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаға жұмыс жасауға рұқсат алғаны анықталған. Алайда, тексеру барысында аз.Р Алға қаласында жұмыс жасап тұрып жатқандығы анықталып, тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмауына байланысты көші қон заңың бұзған.

Сот қаулысымен аз.Р. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5 бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі