Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында «А» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабы 1-бөлімімен көзделген яғни- тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

«А» ЖШС лицензиясы болмай тұра серіктестіктің аумағында атом энергиясы аясында жабық иондық сәуле шығаратын радиоизотоптық және рентген құрылғыларын пайдаланған.

Қарау нәтижесі бойынша, Хромтау аудандық сотымен «А» ЖШС кінәлі деп танылып, оның құқық бұзушылық құралы тәркіленбей  150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, яғни 340350 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік шарасына тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі