«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу тәртібі»  атты тақырыпта дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев, судья С.Дәріқұлова, Шалқар аудандық, ішкі істер бөлімінің, Қандыағаш стансасының желілік ішкі істер бөлімінің, аудандық кірістер  басқармасының өкілдері қатысты.

«Аталған дөңгелек үстелді өткізудегі негізгі мақсат - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды  дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау, сонымен қатар практикалық көмек көрсету», - деп атады  сот төрағасы О.Бақтыгереев.

Судья С.Дәріқұлова  өз баяндамасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу және хаттамасын толтыру кезінде  жие кездесетін кемшіліктерге тоқталды.

Шара қатысушылары хаттама толтыру кезінде туындайтын сұрақтарды талқылап, өз пікірлерімен алмасып, нәтижесі бойынша жұмыста қолдану үшін ұсыныстар қабылданды.

Шара соңында дөңгелек үстелді сот төрағасы О.Бақтыгереев қорытындылап,   қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі