Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат  У. 28.02.2017 ж. жергілікті уақытпен сағат 18-00-дер шамасында өзімен бірге тұратын анасы А.-ға  қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші А. құқық бұзушы У.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Бұл әкімшілік іс соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату) сәйкес тоқтатылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушы У.-ның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 1 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы аудандық ІІБ-нің өтінішхатын сот қанағаттандырды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі