Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) М.Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат М.Ш. 13.02.2017 ж. жергілікті уақытпен сағат 19.30-дар шамасында өзімен бірге тұратын анасы Т.-ға  қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы - тұрмыстық қарым қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші Т. құқық бұзушы М.Ш.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен осы әкімшілік іс Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату) сәйкес тоқтатылды.

Сонымен қатар, оның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы аудандық ІІБ-нің өтінішхатын сот қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі