«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында аудандық пробация қызметінің сотталған Д.Т.-ға қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсынысы қаралды.

Ұсыныстың материалдарына сәйкес, сотталған Д.Т.-ға Ақтөбе қалалық №2 сотының 2016 жылғы 29 ақпандағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен (қылмысқа оқталу), 188-бабының 2-бөлігінің 1,3) тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет жасалған ұрлық) бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалған.

Соттың қаулысымен Байғанин аудандық пробация қызметінің сотталған Д.Т.-ға қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсынысы қанағаттандырылды.

Сотталған Д.Т. соттың үкімімен тағайындалған жазадан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі