Қаруды заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылғы 15 ақпан күні сағат 15.45-тер шамасында, Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылынан 1,5 шақырым жерде құқық бұзушы И. ішкі істер органында тіркелмеген, «ИЖ-18Е» маркалы 12 калибрлі дара ауызды, аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, сақтап, тасымалдап, алып жүрген, яғни құқық бұзушылық жасаған.

Әйтеке би аудандық сотының қаулысымен азамат И. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып және әкімшілік жаза ретінде қару тәркіленіп, оған 45 380  теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі