Ішкі істер органдарының заңды талабын орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  613-бабының 1-бөлігімен (ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) әкімшілік   іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. басқаруындағы  автокөлігімен Бадамша ауылындағы Пацаев көшесіне  қарсы тас жолда Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларының 2.3.2. тармағына сай жүргізуші ішкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң 5.3.-тармаққа сәйкес берiлген талап етуi бойынша аялдау туралы  нұсқауларын орындамаған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  613-бабының 1-бөлігімен Б. кінәлі деп танылып, оған 1  жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі