Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күн» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күн» өткізілді. Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарылату мақсатында өткізілді.

Сот төрағасы А.Балмұхановтың қабылдауында болған  С., Б. және М. аудан тұрғындары  сот орындаушының әрекетіне шағым келтіру  туралы және моральдық зиянды өндіру туралы сұрақтарымен келді. 

Сот төрағасы аудан тұрғындарын тыңдап, жүгінген мәселелері бойынша тиісті дәрежеде заң талаптарын және өз құқықтарын қорғаудың тәртібін түсіндірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі