Дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында кеңсе меңгерушісі, адвокаттар мен ішкі істер басқармасның өкілдерінің және кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Аманкулова Н.О. өз баяндамасында 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасымен қол қойылып, 2011 жылдың 05 тамызында қолданысқа енгізілген  «Медиация туралы» заңын атап өтті.  

Заңның қолданысқа енгізілген сәтінен бастап 5 жылдан астам уақыт өтті.

Қазіргі уақытта  мемлекет медиация институтына ерекше көңіл бөлуде. Жаңа Азаматтық- процессуалдық кодексіне бітімгершілік келісім, медиация және партисипативтік рәсім  ұғымдары енгізілді.

Заңның орындалуы, орындалу барысындағы туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары, алдын ала қорытындылау  үшін - 5 жыл жеткілікті мерзім болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар істерді қарау барысындағы әр саладағы мәселелерді талқылап өтті.

«Қылмыстық іс жүргізудегі медиация» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында қылмыстық сот ісін медиация тәртібімен жүргізудегі мәселелер талқыланды. Іс- шара қорытындысы бойынша тиісті  ұсыныстар қабылданды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі