Денсаулыққа келтірілген залалды өтеу туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында талап қоюшы Г. жауапкер «К» АҚ-на денсаулығына нұқсан келтірілген залалды өтеу, кем төленген сомманы өндіру талабы бойынша  азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдары бойынша, талап қоюшы Г. 1990 жылы қыркүйек айында «К» АҚ-на жұмысқа қабылданып, 2010 жылдың қаңтарына дейін жұмыс жасаған. 27.10.2010 жылы өндірісте жазатайым оқиға болғандығы жөнінде акт жасалып, кәсіби сырқат алған. Жұмыс берушінің кінәсі 100 %, ал жұмысшының кінәсі 0%. Талап қоюшы Г жауапкерден 2016 жыл ақпан айы мен 2017 жылдың қаңтар айы  аралығында нақты көлемде келтірілген залал мен сақтандыру сомасы айырмашылығы, яғни 999033 теңге көлімінде өндіруді сұрайды.

Сот Г.-нің талабын ішінара қанағаттандырып, «К» АҚ-нан денсаулығына  келтірілген залалды өтеу үшін 2016 жылдың 4 ақпаны  мен 2017 жылдың 28 ақпаны аралығында кем төленген 986402 теңге  көлемінде Г.-ның пайдасына өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі