Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының төрайымы С.З.Танимова «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел кеңесін өткізді.

Дөңгелек үстел кеңесіне Ойыл аудандық білім бөлімінің өкілдері С.Откельбаева, Г.Айдарбаева Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп гимназиясының директоры Р.С.Ұлықпанова, кәсіпқой емес медиаторы Г.Омиргалиева, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің директоры М.С.Жонысова және кәсіпқой емес медиатор А.Нұрманова,Ойыл аудандық ауруханасының кәсіпқой емес медиаторы А.Асылбаев  қатысты.

Сот төрайымы С.З.Танимова өз баяндамасында даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске қосылғандығын,  азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын түсіндіріп, пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау.

Медиация жүргізу баланың мүдделеріне, еңбек дауларына, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, сондай-ақ, пәтерден шығару туралы, некені бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары, сақтандыру санаттарына қолданылатындығын түсіндірі, пилоттық жоба еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде іске асырылатынын аитып өтті.

Дөңгелек үстел кеңесінің соңыда  С.З.Танимова қатысушыларға осы жобаның іске асуына ат салысуды шақырды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі