Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «К» ЖШС-нің «Л» ЖШС-нен  қарыз сомасын  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

2017 жылғы 26 сәуірде «К» ЖШС мен «Л» ЖШС арасында мұнай өнімдерінің жеткізілімі шарты жасалған. Шарттың талаптарына сәйкес сатушы беруге, ал сатып алушы мұнай өнімдерін қабылдап және төлеуге міндеттенеді. Талап қоюшы өзіне жүктелген міндеттемені толық мөлшерде орындаған, жалпы сомасы 8 485 000 теңге көлемінде мұнай өнімдерін жеткізген, алайда жауапкер берешегін төлеуге байланысты міндеттемесін қазіргі күнге дейін орындамаған.

Сот отырысында тараптардан медиация жүргізу туралы өтінішхат және дауды медиация тәртібімен реттеуді бекіту туралы келісім түсті, оның шарттарына сәйкес: жауапкер 8 485 000 (сегіз миллион төрт жүз сексен бес мың) теңге берешек сомасын, 192 485 (жүз тоқсан екі мың төрт жүз сексен бес) теңге тұрақсыздық сомасын, 100 000 (жүз мың) теңге сомасында өкілдік шығындарын мойындап және аталмыш берешекті 2017 жылғы 4 тамызға дейін төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, сонымен қатар 254 550 (екі жүз елу төрт мың бес жүз елу) теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі