Брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы М.С.Мұхамбетқалиев әкімшілік құқық бұзушылық туралы  айтты.

Іс бойынша 2017 жылғы 25 ақпанда сағат 20-30 минут шамасында, Ресей Федерациясының азамат Ш. «Шымкент-Самара» тас жолы 1017 шақырымында «MERCEDES-BENZ AXOR» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, автокөліктегі рульді басқара алмауына байланысты, қарама-қарсы жолдың бетіне шығып кетіп, қарсы келе жатқан «VOLVO FM TRUCK» маркалы автокөлігіне соғып, жол көлік оқиғасының нәтижесінде «VOLVO FM TRUCK» маркалы автокөлігінің иесі жәбірленуші Г.-ге материалдық шығын келтірген.

Азамат Ш.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 22 690 теңге айыппұл  салынғанын судья атап өтті.  

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі