Автокөлікті мас күйінде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  608- бабының 1-бөлігімен  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат М.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істің мәні бойынша, азамат М. Шалқар қаласы Желтоқсан көшесі бойында жол қозғалысы ережесін  бұзып, «Лада-21905» маркалы автокөлігін мас күйінде басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабының 1- бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы  М.  сот отырысында өзінің кінәсін толық мойындады.

Сот  аз.М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің 608- бабының 1- бөлігімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі