Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Н.О.Аманкулова жүргізді.

Аталған шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.

Аталған іс-шараға Бадамша ауылының тұрғыны В.И. қатысты. Ауыл тұрғыны В.И.-ға тұрғын жай даулары, мүліктің егесінің құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлікке қатысты туындаған дауларды шешу бойынша сұрақтарын қойды.

Қойылған әрбір сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып, толыққанды жауаптар берілді.

Осындай іс-шараларды өткізудің мақсаты әділ сот төрелігіне деген сенімді және қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі