Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру және ақпараттандыру мақсатында  ашық есік күні өткізілді.

Төраға міндетін атқарушы А.Жүсіпов қабылдауында  болған заңды тұлға өкілдеріне медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша  ақпарат берді.

Кездесу барысында сот төрағасы міндетін атқарушы мен сот судьясы Е. Байманов қатысушыладың барлық қызығушылық туғызған сұрақтары бойынша тиісті жауаптар қайтарды. Ал іс-шара соңында егер сұрақтар туындаған жағдайда әркім ашық есік күні қатысушысы бола алатындықтарын атады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі