жм, 18/08/2017 - 13:25
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі.
Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы К.М.Муратов кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы сұрағымен азаматша Б. мен азамат Н.-ды қабылдады.
Аталған сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарын түсіндірілді.
Сондай-ақ, сот төрағасы «Ашық есік күні» сот жүйесінің ашықтығымен жариялылығын, халыққа құқықтық көмек көрсету және соттың имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілетіндігін атап өтті.