Ақтөбе қалалық сотында сақтандыру компанияларының өкілдері мен тәуелсіз бағалаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында «Келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Ақтөбе қалалық сотының судьялары,   АҚ «Коммеск-Өмір», АҚ «Цесна гарант» сақтандыру компанияларының өкілдері, тәуелсіз бағалаушылар қатысты.    

Дөңгелек үстел барысында  судья  М. Жугунисова  «Келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қарау» тақырыпта баяндама жасады. Өз сөзінде, судья медиация заңының талаптарын, оның ерекшелігі,  тиімділігі, медиативтік келісімнің сотпен бекітілген жағдайда талап қоюшымен төленген мемлекеттік алым қайтарылуы және тараптардың дауды тиімді шешуге өзара шешімге келуіне байланысты, олардың жоғары сатыда сот актілеріне шағымдануға уақыттарын үнемдейтінділігі  жөнінде түсіндірді.        

Өткізілген дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылармен келтірілген зиянды өтеу туралы даулармен байланысты істер бойынша  барлық сақтандыру компанияларына,  ұжым мен мекемелерге дауды  сотқа дейін реттеу тәртібінде  тараптарды сотқа келтірмей  өзара  татуласу рәсімдерін  кеңінен қолдану   жөнінде ұсыныс еңгізілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі