Ақтөбе қалалық сотында «Рухани жаң¬ғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөнгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халықтық талқылау шеңберінде  Ақтөбе қалалық сотының судьялары мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Жұмаганбетов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуак Дәрменұлы Бақыттың  қатысуларымен  «Рухани жаң­ғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде кабылданған қарардың сот жүйесіне қатысты бөлігін жүзеге асыру мақсатында, қатысушылар қазіргі жаһандану дәуірінде  жат идеологиялардың ықпалына тек өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау ар­қылы ғана төтеп бере алатынынмызды, сон­дық­тан да қазақ халқының бай тарихи мұ­ра­сын сақтай отырып,  қазақстандық­тар­­дың ұлттық сана-сезімін барынша да­мы­­­тып, Еліміздің іргелі мемлекеттермен иық теңестіру үшін, рухани жаңару  аса қажет екендігі туралы қорытындыға келді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі