Ақтөбе қалалық сотында нотариус, медиатор және коммуналдық қызметтердің өкілдерінің қатысуымен дөнгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында Ақтөбе қалалық сотының судьяларының, нотариус А.З.Даулбаева, нотариус С.Н.Бережная, «Ақтөбе облысы бойынша медиация даму орталығы» АҚБ-нің директоры  С.Р.Сидахметова, «Халықаралық құқықтық қорғау орталығы» АҚБ-нің бөлім басшысы  С.А.Балпеисова,  «Халықаралық құқықтық қорғау орталығы» АҚБ-нің кәсіби медиаторлар Р.С.Күлімбетова, А.Ж.Таласпаева, Д.К.Салиқова, «Медиаторлар ұлттық палатасы» АҚБ-нің кәсіби медиаторы  С.Ш.Түлкібаева, «Ақбұлақ» АҚ-ның заң бөлімінің басшысы Д.Б.Сермаханова, «Трансэнерго» АҚ-ның өкілі  А.Г. Садуақасованың қатысуымен «Сотқа түсетін талап арыздарды азайту мақсатында қала коммуналдық қызметтерінің берешек өндіру бойынша атқару жазбасын куәландыру. Коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйдің меншік иелері арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан нотариалдық тәжірибесінде атқару жазбасын кеңейту, сонымен қатар, коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйдің меншік иелері арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу  мәселелері талқыланды. 

Дөнгелек үстелдің нәтижесі бойынша қатысушылармен нотариалдық тәжірибесінде атқару жазбасын, сонымен қатар, бітімгершілік рәсімдерді қолдану және соттан тыс дауларды реттеу механизмдарды кеңейту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді. Ақтөбе облысы бойынша  нотариалдық палатасына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғын халықты атқару жазбасы туралы кеңінен ақпараттандыру ұсынылып, коммуналдық қызметтердің қатысуымен семинар сабақтарын өткізу, нотариустарға қабылдау бөлмелерінде атқару жазбасы туралы ақпарат ақпараттық тақтайшаларға орналастыру ұсынылды.  

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі