Ақтөбе қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе облыстық сотының судьялары А.Бақытжанова, Г.Ибраимова, Ақтөбе қалалық сотының судьялары А.Абдуллина, А.Раимкулованың ұйымдастыруымен, кәсіби медиаторлар А.Қазиева, С.Түлкібаева, сақтандыру компаниялары «Казахинстрах» СК, «Мұнай сақтандыру компаниясы» СК, «Номад Иншуранс» СК өкілдерінің қатысуымен «Сақтандыру даулары бойынша дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындауға қатысты Жоғарғы соттың пилоттық жобасын іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе облыстық сотының судьясы А.Бақытжанова «Сақтандыру даулары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу», Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина «Сақтандыру даулары бойынша істерді қарау, оларды медиация тәртібімен реттеу»  тақырыптарында баяндамалар оқып, сақтандыру дауларына қатысты азаматтық істердің жекелеген санаттары  бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу барысында туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде, Ақтөбе қалалық соты тарапынан:
Сақтандыру компанияларына клиенттермен жасасқан келісімшарттарға дауларды (жанжалдарды) бітімгершілік рәсімдердің кез-келген түрімен реттеу мүмкіндігі туралы өзгерістер енгізу;
Банктер, сақтандыру компанияларының қызметкерлері, медиаторлардың қатысуымен семинар сабақтарын өткізу арқылы медиация туралы халыққа кеңінен насихаттау;
Сақтандыру компанияларына өз дәліздерінде медиация туралы ақпараттық стендтер орналастыру;
Кәсіби медиаторларға 2017 жылғы 01 шілдеге дейін берілген пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында дауларды реттеу бойынша қызметтерді тегін түрде көрсету;
Ақтөбе облысының Медиация орталықтарына сақтандыру компанияларының қызметкерлерін ақысыз түрде оқыту ұсынылды.
Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі