20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608 бабының  6  бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), азамат Е.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істің мәні бойынша, 03 шілде  2017 жылы, Е.  Ембі қаласы Жанесов көшесі бойында, алкогольдік ішімдік ішкен күйінде, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, мемлекеттік белгісі  «Ваз-21140» маркалы автокөлігін басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы азамат Е. өзінің кінәсін толық мойындаған.

Сот азамат Е.  ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлімі бойынша 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу  түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі