Архив событий

06/06/2017

Баламен араласу тәртібін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен шешілді

06/06/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Н.-дың жауапкер С.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Ата- аналық міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды

06/06/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1 бөлімімен (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік жауапкершілікке тартылған К.-ға қатысты  әкімшілік ісін қарады.

Іс құжаттарына сай, 2 қаңтар 2017 жылы сағат 20-лар шамасында,       Ембі қаласында азаматша К. жасы кәмелетке толмаған  баласын тәрбиелеу мен  оқыту жөніндегі  міндеттерін орындамай, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Мұғалжар аудандық сотында «Азаматтық істерді сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті

06/06/2017

Мұғалжар  аудандық  сотында «Азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Іс-шарада кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова  және сот қызметкерлері қатысты.

Берешек сомасы өндірілді

06/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Д» ЖШС-і  «Н» ЖШС-нен  ғимаратты қосалқы жалдау бойынша берешек сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта «Д» ЖШС-і мен «Н» ЖШС-і арасында 2016 жылғы 18 шілдедегі №48-П және 2017 жылғы 1 қаңтардағы №6-П қосалқы жалдау шарттары жасалғандығы анықталды. 

Гендерлік теңдік сұрақтары талқыланды

06/06/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Гендерлік теңдік» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Хромтау аудандық сот судьясы С.Ж.Аликулов және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сот төрелігі гендерлік теңдік, дүниежүзілік қоғамда әйел мен ер адамның әлеуметтік теңсіздік мәселелері туралы, сондай – ақ Қазақстанда гендерлік теңсіздік мәселелерін шеші үшін Елбасының дайындаған мемлекеттік саясат концепциясы туралы айтып өтті.

Қобда аудандық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

06/06/2017

Қобда аудандық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау өтті.
Шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев , судья Ш.Е.Есжанова және кеңсе қызметкерлері қатысты.
Төраға Елбасы мақаласында Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеу кезеңінде рухани бастамшылықтарды ұмытпау қажеттілігіне тоқталып, ұлттық код, руханият пен тіл мәселесі жөнінде салмақты ойлар қозғағандығы жайлы атап айтты.

Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды

06/06/2017

Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында көші-қон карточкасында Қазақстан Республикасының аумағын жеке мақсатпен келгендігі жөнінде көрсеткенімен, заңсыз жұмыс жасаумен, яғни, халықтық қолданыс тауарларды алмасы  айналысқаны Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған.

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

06/06/2017

Шалқар аудандық сотында заңсыз аңшы мылтығын сақтаған азаматша С-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы  С. 29.03.2017 ж.сағат 13.30-шамасында Шалқар ауданы аумағындағы мал базындағы өз тұрғынжайында ішкі істер органдарында тіркелмеген  аңшы мылтығын заңсыз сақтаған.

Сөйтіп ол, Қазақстан Республикасының әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің  482-бабының 1-бөлігінде (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы қаруды заңсыз  сақтау) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.