Ата- аналық міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1 бөлімімен (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік жауапкершілікке тартылған К.-ға қатысты  әкімшілік ісін қарады.

Іс құжаттарына сай, 2 қаңтар 2017 жылы сағат 20-лар шамасында,       Ембі қаласында азаматша К. жасы кәмелетке толмаған  баласын тәрбиелеу мен  оқыту жөніндегі  міндеттерін орындамай, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында К.-ның   әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктермен және де іс құжаттарындағы басқа да  материалдармен толықтай дәлелін тапты.

Сот қаулысымен  К. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш есебінде, яғни 15 883 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі