Берешек сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Д» ЖШС-і  «Н» ЖШС-нен  ғимаратты қосалқы жалдау бойынша берешек сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта «Д» ЖШС-і мен «Н» ЖШС-і арасында 2016 жылғы 18 шілдедегі №48-П және 2017 жылғы 1 қаңтардағы №6-П қосалқы жалдау шарттары жасалғандығы анықталды. 

Шарттың 1.4 тармағына сай ғимаратты жалдау құны 1 айда 308 000 теңгені құрайды. 2016 жылғы 1 қазандағы №1 қосымша келісімге сәйкес 01.10.2016 жылдан 31.12.2016 жылға дейін мерзімде жалдау төлемі 290 000 теңгені құрайды. Шарттың 1.6 тармағында ғимаратты жалдау төлемі толық көлемде, ай сайын, әр айдың 5-іне дейін жасалатындығы қарастырылған.

Тараптар арасында өзара есептеудің салыстырмалы актісіне қол қойылған. Актіге сәйкес талап қоюшының пайдасына сальдо 3 558 392 теңгені құрайды.

Жауапкермен көрсетілгеен сома толық көлемде төленгені туралы дәлелдемелер ұсынылмағандықтан, сот талапты қанағаттандырып жауапкерден берешек сомасын өндіру қажет деп есептеді. Осылайша,  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Д» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылды.

 «Н» ЖШС-нен  «Д»  ЖШС-гі пайдасына 3 558 392 ( үш миллион бес жүз елу сегіз мың үш жүз тоқсан екі) теңге мөлшерінде берешек және 106 752 (жүз алты мың жеті жүз елу екі) теңге мемлекеттік баж теңге өндірілді. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Актюбинского областного суда
Тегтер: