Баламен араласу тәртібін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Н.-дың жауапкер С.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Жауапкер С., кәмелетке толмаған баласы М.-ның  талап қоюшы Н.-мен аптасына екі  рет сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін сонымен қатар, сенбі күні сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін анасының қатысуынсыз араласуына келіседі.

Ал талап қоюшы Н. көрсетілген шарттарға толығымен келісіп, баламен кездесу кезінде анасы  С.-ға бір күн бұрын ескертіп, көзделген уақытта баланы уақытылы алып, қайта анасының тұрғылықты жері бойынша әкелуге міндеттенеді.

Талап қоюшы Н. талап арызынан бас тартты.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен сот медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: