Мұғалжар аудандық сотында «Азаматтық істерді сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар  аудандық  сотында «Азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Іс-шарада кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова  және сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі А.Иманбекова  семинарға қатысушыларға ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген қағидасы ҚР заңнамасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша сақтауды жүзеге асыратын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың, Департаменттің және оның территориялдық бөлімдерінің мұрағаттарына таралатындығын түсіндірді. 

Істерді (нарядтарды) рәсімдеу, қалыптастыру, уақытша сақтауға мұрағаттарға уақытында тапсыру үшін жауапты қызметкерлер, сондай-ақ мұрағат жұмысы үшін жауапты қызметкерлер, өзінің құқықтық мәртебесін және қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің жұмысында осы Қағиданың талаптарын қатаң басшылыққа алатынын атап өтті.                                

 Сонымен қатар,  жетекші маман  З.М.Юнусова өз баяндамасында,  құжаттарды сот мұрағатына қабылдауды жүзеге асыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қаралған сот істерін енгізілген тәртіп бойынша пайдалану және есепке алу, жұмыс жоспары, семинар сабақтары, жиналыс хаттамалары, талдау және талдап қорытындылау, хат алмасу нарядтарын және т.б. соттың істер номенклатурасына сай қабылдау болып табылатындығын және  қатысушыларға істерді сот мұрағатына қабылдау кезінде басшылыққа алатын ережелерді: міндетті тәртіппен істегі барлық парақтардың болуы және дұрыстығы тексеріледі;  істе судья «мұрағатқа» деп қөрсетіп және оның қолы болуы керек; азаматтық іс ішкі тізімдемеге сай тігілген және нөмірленген болуы керек;  анықтама парағы мен куәландыру жазбасы болуы керек жөнінде айтты.

Семинар соңында сот мамандары мұрағатқа тапсыру үшін сот істерін дайындағанда туындайтын мәселелерді талқылады және ұсыныстарын әзірледі

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі