Гендерлік теңдік сұрақтары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Гендерлік теңдік» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Хромтау аудандық сот судьясы С.Ж.Аликулов және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сот төрелігі гендерлік теңдік, дүниежүзілік қоғамда әйел мен ер адамның әлеуметтік теңсіздік мәселелері туралы, сондай – ақ Қазақстанда гендерлік теңсіздік мәселелерін шеші үшін Елбасының дайындаған мемлекеттік саясат концепциясы туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар  «Гендерлік теңдік» бойынша, мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген және мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжаттардың бірі болып табылатын Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы талқыға салынды.

Дөңгелек үстел қатысушыларына «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендрлік теңдік стратегиясының» іске асырылуын бағалау; әлеуметтік талдау» тақырыбындағы зерттеу жұмысы және «Әйелдердің Қазақстан Республикасының заң шығарушы, жергілікті өкілді,  атқарушы билік органдарында және мемлекеттік қызметкерлер қатарында өкілділі » жинағы көрсетіліп, баяндалды.  

Қатысушылар өз тарапынан пікірлерін айтып, шараның маңыздылығын атап өтті. Шараның қорытындысы бойынша, гендерлік саясатты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар келтірілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі