Жауапкер ата-ана құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында  талап қоюшы Мәртөк ауданы бойынша білім бөлімі жауапкер Ж.-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру  туралы азаматық іс қаралды.

Талап қоюшы жауапкер   Ж-ға   2003 жылы туылған кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру  туралы талабымен сотқа жүгінді, өз талабында жауапкер қызын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамайды, өзінің тұрағы бойынша теріс мінезделген, жүйелі түрде спирт ішімдіктерін пайдаланады, баланы қараусыз қалдырып, үйінде ұзақ уақыт болмайды, сотталған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жауапкер Ж. сот отырысында талап қоюшының талап арызында көрсетілген мән-жайларды толықтай мойындады.

Сот ата-аналық құқығынан айыру туралы талабын толық қанағаттандыруды шешті.

Кәмелетке толмаған қыз  әкесінің тәрбиеленуіне берілді, жауапкерден алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі