Сотталушы мен жәбірленуші медиативтік келісі жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар   аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының  1-бөлігімен (алаяқтық) аз.Ж. қатысты қылмыстық іс  медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс материалдарына сәйкес, аз-ша  Ж. 2017 жылы 14 мамырда Қандыағаш қаласындағы үйдің алдында аз-ша М. көріп, оның үйіне кіріп,  құлағына таққан алтын сырғаларын көріп, соңғының жалғыз екенін және үлкен кісі екенін пайдаланып, өзінің алаяқтық жолмен, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, аз.М. сеніміне кіріп, оның үйіне  келіп, өзінде болған 2000 теңге тұратын сары металдан жасалған арзан әшекей сырғаларын оған көрсетіп, кәзіргі кезде барлығы тағатын сырға деп алдап сендіріп, алтын сырғаларға ауыстыруға ұсыныс жасайды,  оған сеніп қалған аз.М. құлағындағы құны 8000 теңге тұратын сырғаларын беріп жіберіп, сонымен аз.М. 8000 теңгеге мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші М. сотталушы Ж. қатысты қылмыстық істі, татуласуына байланысты медиация тәртіппен қыстартуды сұраған.

Сот қаулысымен қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі