Сотпен жұмыскерлердің жалақы өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотпен талап қоюшы Ж., П., И. жауапкер «С.» ЖШС- нен жалақы өндіру туралы талап арызы қаралған.

Талап арызында талап қоюшылар жауапкердің қарамағында  әр түрлі лауазымда жұмыс жасағанын, жауапкер  жалақыны төлемегенін қорсеткен. Талап қоюшылар жауапкерден жалақыны өндіруді,  міндетті зейнетақы жарналарын аударуды міндеттеуді және мәжбүрлі бос жүрген уақыттарына өтем өндіруді сұраған.

Сот шешімімен  талап арыз ішінара  қанағаттандырылды.

Жауапкер «С.» ЖШС-нен талап қоюшы  Ж.-ның пайдасына 517 276   теңге көлемінде жалақысы өндірілді және жауапкерден  талап қоюшы Ж.-тың пайдасына  «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ –на  96 873теңге көлемінде міндетті зейнатақы жарнасын аударуды міндеттеді.

Жауапкер «С.» ЖШС-нен талап қоюшы П.-ның пайдасына 285 308   теңге көлемінде жалақысы өндірілді және жауапкерден талап қоюшы  П.-ның пайдасына  «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ –на  82 323 теңге көлемінде міндетті зейнатақы жарнасын аударуды міндеттеді.

Жауапкер «С.» ЖШС-нен талап қоюшы И.-нің пайдасына 544 276   теңге көлемінде жалақысы өндірілді және жауапкерден талап қоюшы И.-нің  пайдасына «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ –на  90 857 теңге көлемінде міндетті зейнатақы жарнасын аударуды міндеттеді.

Сонымен қатар, «С.» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 13 474 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.

Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі