Әскери қызметкер бұйрық тәртібін бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әскери қызметшіге қатысты іс қаралды.

2017 жылғы 22 маусымда әскери полиция бөлімінің уәкілетті тұлғасымен әскери қызметкер Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған, өйткені ол 2017 жылдың 15 маусымында кезекші ретінде әскери госпиталде тәуліктік кезекшілікте тұрып, командирдің бұйрығын бұзған, атап айтқанда белгіленбеген уақытта ұйықтап қалған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652 бабының 6-бөлімінде (бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес әскери қызметші Ж. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі