Пиротехникалық құрылғыларды бөлінбеген орында жарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жасөспірім Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2017 жылғы 16 маусымда шамамен 01 сағат 35 минутта, азамат Д. Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесіндегі «О» кафесінің жанында, яғни қоғамдық орында пиротехникалық құрылғыларды жарып, айналасындағылардың тыныштығын iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпай бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 436 бабының 2 бөлімінде (жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен ол пиротехникалық құрылғылар тәркілене отырып, 31 766 теңге көлеміндегі айыппұлды мемлекет пайдасына өндіру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі