Оңалту және банкрот деп тану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Ж.Назарова «Рика-ТВ» каналының «Из первых рук» бағдарламасында   «Борышкерді төлемге қабілетсіздігіне байланысты банкрот деп тану және оңалту рәсімін қолданғанға дейін реттеу туралы» ақпарат берді.

Өз ақпаратында судья, банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісімді жасасуға құқылы екенін атап өтті.

Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады

Банкрот тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді мүліктің меншік иесі, банкроттың құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.

Бітімгершілік келісімді сот бекітеді. Және ол бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешек өтелгеннен кейін ғана соттың бекітуі мүмкін.

Бітімгершілік келісімді бекіткен кезде сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады, онда банкроттық рәсімінің тоқтатылатыны және борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімді қолдану туралы шешімнің орындауға жатпайтыны көрсетіледі.

Сонымен қатар, осы санатта қаралатын істер бойынша бітімгершілік келісімн жасасу үшін қойылатын талаптарды атап өтті:

1) банкрот міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;

2) банкроттың талап ету құқықтарын басқаға беру;

3) банкроттың міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы;

4) борышты аудару және т.б. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі