Коммуналдық кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Трансэнерго» АҚ өкілі А.Ғ.Сәдуақасова, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС өкілі Г.К.Мырзабекова, «Ақбұлақ» АҚ өкілі Д.Б.Сермаханова, «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС өкілі С.Т.Тленов және сот судьяларының қатысуымен «Оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Л.М.Бисенова оңайлатылған іс жүргізу істі қараудың ерекше тәртібіне ие екендігін айтты. Іс жүргізудің аталмыш түрінің ерекшелігі процессуалдық заңнамаға сәйкес дәлелдемелер немесе өзге де құжаттар ұсынылатын мерзім өткеннен кейін істі тараптарды шақырмай қарауында болып табылады. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібіндегі істер судьямен іс жүргізуге арызды қабылдаған кезден бастап бір ай мерзімде қаралады. Көбіне оңайлатылған тәртіппен банктік заем шартынан, тұрғын қатынастарынан (коммуналдық қызмет көрсеткені үшін) туындайтын даулар, салық берешегін өндіру туралы, залалды өтеу туралы және т.б. талаптар қаралатындығы туралы ақпараттандырды.

Сонымен қатар, тәжірибе аталмыш процессуалдық институттың тиімділігін көрсетті, ол сот төрелігін жылдам жүргізу және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының сот арқылы қорғануы тез болуына әкелгендігін ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылғандар осы тақырыпқа байланысты өзара пікір алмасты. Ал іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі