Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау ерекшеліктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты судьясы Шарипова Мария Қуанышқызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібі туралы ақпаратпен «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында бөлісті.

Эфир барысында судья оңайлатылған іс жүргізу ұғымы, оңайлатылған (жазбаша) және бұйрық арқылы іс жүргізудің айырмашылығы туралы ақпарат берді, сонымен қатар аталмыш санатқа байланысты статистикалық мәліметтермен бөлісті. Барлық азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралады ма, аталмыш тәртіп бойынша істердің қаралу мерзімі қандай секілді бағдарлама жүргізушісінің сұрақтарына жауап берді.

Айта кететін жайт, сот судьялары апта сайын аталмыш бағдарламада Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарайтын дауларға байланысты ақпаратпен бөліседі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі