Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Соттағы бұйрық арқылы іс жүргізу» атты тақырыпта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аталған шараға  судья Ж.Кунаева, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-нің, «Казахтелеком» АҚ-ның, «Транстелеком» АҚ-ның Ембі қаласындағы  филиалдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері және  сот мамандары қатысты.

Іс-шара барысында судья Ж.Кунаева, соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алуға, сот бұйрығы шығарылатын талаптарға, сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұнына, сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзіміне, төленетін мемлекеттік бажға, сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздеріне  тоқталып,  мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығаратындығын және оның  өте тиімді  екендігін атап  өтті.

Шара соңында семинарға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі